"2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2401 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 158-1753 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 37-бабына "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы 27 бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "1. 2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2401 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 996 болып тіркелген, 2016 жылы 7 қаңтарда № 1 (3353). "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 7 қаңтардағы № 1 (3371) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А. И. Лукинге жүктелсін.
      Әкім Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады