2016 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2401 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 996 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 158-1753 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.09.2016 № 158-1753 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңының 57-баптарына сәйкес Астана  қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:
      1) елу жасқа толған адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы адамдар;
      4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
      5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;
      6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін адамдар;
      7) есірткіге тәуелдіктен емдеу мен оңалту курстарынан өткен адамдар.
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Сабырбекұлы Оспановқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
      3. «2015 жылғы халықтың нысаналы тотарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 (Астана қаласының әділет органдарында 2015 жылғы 27 ақпанда № 883 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурыздағы № 26 (3231) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 7 наурыздағы № 26 (3249) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Астана қаласының әкімі                     Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады