«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылсын.
2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары C.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкім Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 наурыздағы
№ 108-511 қаулысына қосымша
Астана қаласы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулыларының
тізбeсі
1. «Астана қаласы автомобиль және iшкi су көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 108-123 қаулысы.
2. «Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 108-171 қаулысы.
3. «Астананың көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 108-172 қаулысы.
4. «Кабілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 108-173 қаулысы.
5. «Астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 108-174 қаулысы.