"Целиноград аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 332/47-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 ақпандағы № 360/52-5 шешімі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Целиноград аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 332/47-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Целиноград аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Д.Қамзебаев

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады