"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № а-10/539 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № а-2/58 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 37 бабының 8 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Степногорск қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімдемесінде № 1-2-104 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда "Степногорск Ақшамы", "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № а-10/539 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады