Аршалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 3/2 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аршалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Аршалы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 4774 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 22 "Аршалы айнасы", 2015 жылғы 22 мамырдағы № 39 " Вперед" газеттерінде жарияланған) шешімі;.
      2) "Аршалы ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 03 тамыздағы № 44/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 4971 тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 41 "Аршалы айнасы", 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 75 "Вперед" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
И. Слободянюк
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Қ. Шедербеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады