Атбасар ауданы мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп тану туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6С 2/13 шешімі

      "Нормативтік актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылды деп танылсын:
      1) Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/6 "Атбасар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикетттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 тіркелген, 2014 жылдың 5 желтоқсанда "Атбасар" және "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2) Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 5С 32/12 "Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген, 2015 жылдың 3 шілдеде "Атбасар" және "Простор" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне еңіп және қолданысқа енгізіледі
      Сессия төрағасы,
Атбасар аудандық

мәслихатының хатшысы
Б. Борұмбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады