РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясынын төрағасы | Ахметов А.Б. |
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы | Борұмбаев Б.А. |
"Келісілді"
Атбасар ауданының әкімі | А.Н.Никишов |
3 маусым 2015 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы |
Б.Ж.Үсембаев |
3 маусым 2015 жыл