Егіндікөл ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № а-5/84 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № а-9/164 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5017 тіркелген, 2015 жылғы 02 қарашанда "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады