"Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № а-9/164 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қазанда № 5017 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № а-5/84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 16.05.2016 № а-5/84 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "17" 09
№ а-9/164
қаулысымен бекітілген

"Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветсансервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.
      6. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері - 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 2.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында адамдар мен жануарларға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асыру және оларды уәкілетті органға тапсыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге болып табылады.
      2) ведомствоның функциялары:
      малдарда болатын аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық іс-шараларды өткізу;
      ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді жүргізу;
      ауыл шаруашылық малдарын жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      малдарда болатын аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (қаражатты), атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсету;
      құрылысы Егіндікөл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен ұйымдастырылған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) және сою алаңдарын (ауыл шаруашылық малдарын сою бойынша алаңдарды) күтіп-ұстау;
      қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      ветеринариялық анықтама беру;
      ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу және одан үзінді көшірмені беру;
      санитариялық түрде сою үшін ауру малдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      жергілікті атқарушы органға жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      жергілікті атқарушы органға профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      облыстың жергілікті атқарушы органына аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Егіндікөл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттілігі:
      "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;
      заңнамалармен белгіленген тәртіпте "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған дербес жауапты болып табылады;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай–ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Егіндікөл ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветсансервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

7. "Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1) Бауман ауылының ветеринариялық пункті;
      2) Абай ауылының ветеринариялық пункті;
      3) Алакөл ауылдық округінің ветеринариялық пункті;
      4) Ұзынкөл ауылдық округінің ветеринариялық пункті;
      5) Буревестник ауылының ветеринариялық пункті;
      6) Жалманқұлақ ауылдық округінің ветеринариялық пункті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады