1. Целиноград ауданы әкімдігінің "Целиноград ауданы бойынша арналған жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/9 (Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпандағы № 1-17-164 болып тіркелді) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Тәткеев |