Целиноград ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-2/170 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Целиноград ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы әкімдігінің:
      1) Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/8 "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасымен 2012 жылдың 3 ақпанында № 1-17-165 болып тіркелді.);
      2) Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 19 қазандағы А-4/369 "Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 10 қаңтардағы №А-1/8 "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Ақмола облысы Әділет департаментімен 2012 жылдың 14 қарашасында № 3487 болып тіркелді.), қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Тәткеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады