Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 10 қаңтардағы № А-1/8 "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы № А-4/369 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 қарашада № 3487 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-2/170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № А-2/170 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылдың 10 қаңтардағы № А-1/8 Целиноград ауданы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-165 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 ақпанда "Ұран" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.С. Ізбасароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі А.Уисимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады