Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілері туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37 - баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақтөбе облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 172 "Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4373 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 30 маусымда жарияланған);
      Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 173 "Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4374 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 30 маусымда жарияланған).
      Ақтөбе облысы әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады