Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13 бабы 1-1 тармағының 6-7) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атаулары бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мұхамбетов |
Келісілді: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы |
М.Пішембаев |
"27" мамыр 2015 жылы |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы "27" мамырдағы № 173 қаулысымен бекітілген |
Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атаулары
Р/с № | Автомобиль жолының индексі | Автомобиль жолының атауы | Ұзақтығы (шақырым) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | KD-1 | "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" | 88 |
2 | KD-2 | "Дөң-Бадамша-"Ақтөбе-Орск" | 75,15 |
3 | KD-3 | "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұз-Төбе" | 371,885 |
4 | KD-4 | "Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі" | 175,1 |
5 | KD-5 | "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" | 188,95 |
6 | KD-6 | "Қобда-Мәртөк" | 82,565 |
7 | KD-7 | "Ақтөбе-Орск"-"Петропавл-Хазрет" | 36 |
8 | KD-8 | Ақтөбе қаласына кіреберістер | 39,57 |
| | Барлығы | 1057,22 |