"Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 135 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 946 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7005 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы № 28 актілер жинағында, "Казахстанская правда" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 112-113 (26931-26932), "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                  Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады