Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 135 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусымда № 7005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 946 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2016 № 946 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабын және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадрлық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары осы Ережені зерделеуді үйымдастырсын және күнделікті қызметте мүлтіксіз қолданылуын қамтамасыз етсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      «Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 468 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1912 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде», 2002 ж. жарияланған, № 34, 674-құжат);
      «Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркелген № 1912 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 468 «Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде», 2004 ж. жарияланған, 13-16 914-құжат).
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы С.Қ. Окасовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар Министрі                         В. Божко

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова
      2011 жылғы 13 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 4 сәуірдегі  
№ 135 бұйрығымен бекітілген

Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы

      1. Осы Ереже Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесiнің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
      2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнде және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан басқа да ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс iстеген барлық уақыты кiредi, сондай-ақ:
      1) сол мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметке келуi;
      2) Қарулы Күштердегi, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiндегi, басқа да әскерлердегi және әскери құрамалардағы, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы және суда-құтқару құтқару қызметтерiндегi және құрамаларындағы жұмысы;
      3) жүктiлiгi және тууы бойынша демалысы, сондай-ақ балаға қарау үшiн берiлген айлықақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
      4) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, маслихат депутаттарының өкiлеттiгiн жүзеге асыру уақыты;
      5) шетелдегi жұмысы, егер қызметкер шетелге барар алдында мамандығы бойынша мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстесе және шетелден келген күннен бастап екi ай iшiнде, көшкен күнiн есептемей, мемлекеттiк мекемеге жұмысқа орналасса;
      6) соттардағы, прокуратура органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметтегi, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының iшкi қызметтерiндегi, мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарындағы, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттiк тергеу комитетiндегi еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн лауазымдағы жұмыстары;
      7) КСРО-ң Мемлекеттiк банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүйесiндегi қызметi;
      8) мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицер құрамы адамдарының, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару органындағы және Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмнен тыс қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      9) басшы құрам адамдарының iшкi iстер органы жүйесiнде, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, прокуратура органының қызметiнде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағы соттарының аппаратындағы қызметiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнде атқарған қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      10) заңсыз жұмыстан шығарылуы салдарынан бос жүруi және кейiн қайтадан жұмысқа алынуы;
      11) мемлекеттiк мекеменiң жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардағы оқуы;
      12) өз мамандығы бойынша сала ұйымдарындағы ғылыми жұмыстары;
      13) қызмет аясына қарамастан, ұқсас мамандық бойынша оның еңбек жолында атқарған лауазымдағы жұмысының уақыты кiредi.
      3. «Қазселденқорғау» мемлекеттiк мекемесiнiң және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерi үшiн жұмыс өтiлiне сондай-ақ байланыс, жөндеу-құрылыс, құрылыс, гидрометеорологиялық, жобалау-iздестiру және инженерлiк-гидрологиялық, ғылыми-зерттеу және бiлiм беру қызмет аясын ұйымдастыратын лауазымдардағы уақыт енгiзiледi.
      4. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетiн жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеу кезiнде есепке алынады.
      Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық айлықақысын (төлемiн) көтеру құқығы берiлетiн қызметкерлерге жұмыс өтiлiн есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берiлетiн күннен бастап жүзеге асырылады.
      5. Мамандығы және ұқсас мамандығы бойынша еңбек стажын, еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi мемлекеттiк мекеме комиссиясы белгiлейдi, оның құрамын тиiстi мемлекеттiк мекеменiң басшысы бекiтедi.
      6. Мамандығы бойынша еңбек стажын белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалады, оның бiр данасы - кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
      7. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады