Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы № 12 сәуірдегі № 14 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Н. Есказиева Б. Турлыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 17 шешіміне Қосымша

      аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 144 "2015-2017 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 158 "2015-2017 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 9 маусымдағы № 173 "2015-2017 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4390 тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдеде "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 тамыздағы № 180 "2015-2017 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 9 қарашада № 190 "2015-2017 жылдарға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4603 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады