Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 308 "Қарғалы ауданының атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4533 болып тiркелген, аудандық "Қарғалы" газетінде 2015 жылдың 22 қазандағы № 49 (4859) санында және 2015 жылдың 16 қазанында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қ.Ізтілеуге жүктелсін.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.М.Сыдықов |