Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 4 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4825 болып тiркелген, аудандық "Қарғалы" газетінде 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 21 (4891) санында және 2016 жылғы 06 сәуірде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |