Қарғалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 248 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 172 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қарғалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 248 "Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 3-6-93 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 63-64 ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
      Қарғалы ауданының әкімі Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады