1. 2016 жылдың 06 сәуірінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының қабылдануына орай Мәртөк ауданы әкімдігінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 7 "2016 жылға Мәртөк ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4737 болып тiркелген, 2016 жылдың 16 ақпанында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде және 2016 жылдың 18 ақпанында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған);
2) Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 70 "Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4762 болып тiркелген, 2016 жылдың 17 наурызында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде және 2016 жылдың 28 наурызында "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Н. Қалауов |