Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 70 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 наурызда № 4762 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 152 қаулысымен (19.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына және 18-2 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уақытша жұмыс орындарын құру арқылы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде жастар практикасы ұйымдастырылсын.
      2. Жастар практикасына жолданған адамдардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаржысы есебінен айына он сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жүзеге асырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады