Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 334 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А.ОСПАҒАМБЕТОВА Н.ӨТЕПОВ

  Аудандық мәслихаттың
  2016 жылғы 3 наурыздағы
  № 334 шешіміне қосымша

Темір аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 296 "Темір ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 223 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі.
      2. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 275 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерімен және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4496 тіркелген, 2015 жылы 11 қыркүйекте "Темір" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады