Саркөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 - қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339- II "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 14-01/28 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Саркөл ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты қойылған шектеуді ауру ошағының жойылып, сауықтыру іс-шараларының толық орындалуына байланысты шектеу алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күші жойылды деп танылсын.
      Саркөл ауылдық округінің әкімі К.У.Шалманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады