Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 217 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4440 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 26.01.2016 № 18 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Шілмановқа жүктелсін.
       Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

  Аудан әкімдігінің 10 шілдедегі 2015 жылғы № 217 қаулысына қосымша

Хромтау қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


Қала атауы
Сату орындары
1
Хромтау қаласы
Есет батыр көшесі ("Баян" сауда орталығының ауданы)
2
Хромтау қаласы
Ағ.Жұбановтар көшесі ("Құрылыс" сауда орталығының қасында)
3
Хромтау қаласы
М.Әуезов көшесі ("Хромтау" сауда орталығының қасында)
4
Хромтау қаласы
Есет батыр көшесі ("Перекресток" дүкенінің алдында)
5
Хромтау қаласы
С.Жутеев көшесі ("Жарменке" базарының қасында)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады