Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 57 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 247 ""Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4352 тіркелген, 2015 жылдың 18 маусымында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 тамыздағы № 196 ""Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 тіркелген, 2014 жылдың 28 тамызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Р.Исаев Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады