Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың он бірінші абзацында:
"денсаулық сақтау мекемесінің" сөздері "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрайымы | хатшысы |
Е.Юшкевич | Д.Молдашев |