Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 тамыздағы № 196 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 тамызда № 3995 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 57 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.-Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 82 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3488 санымен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2013 жылдың 24 қаңтарындағы № 8 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтiк ставкалары белгiленсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А.Садықов Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады