Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Н.Имандосов | Д.Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 153 шешімімен бекітілген |
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектер:1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 150,0 мың теңге көлемінде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 100,0 мың теңге көлемінде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 80,0 мың теңге көлемінде;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына - 80,0 мың теңге көлемінде;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға - 60,0 мың теңге көлемінде;
6) мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға – 60,0 мың теңге көлемінде;
7) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға -50,0 мың теңге көлемінде;
8) көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға - 60,0 мың теңге көлемінде;
9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне - 60,0 мың теңге көлемінде;
10) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)- 60,0 мың теңге көлемінде;
11) онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға - 80,0 мың теңге көлемінде.
2. Аталған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда.
3. Өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер отбасының (азаматтың) өткен тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы (көмек алу үшін өтініш берген кезеңге) 1-еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.