Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 71 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 261 қаулысы

      "Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3097 тіркелген, 2015 жылғы 28 наурызда № 35 (18023) "Жетісу" және № 35 (16972) "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Басқарма басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Респуликасының Үкіметі белгіленген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады