1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы "Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 39 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 2 ақпанда № 3016 тіркелген, 2015 жылы 10 ақпанда № 16 "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарлау;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |