Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 3 қпандағы № 57 қаулысын жою туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 325 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 57 қаулысы жойылсын (Алматы облысы әділет департаментінде 2016 жылдың 4 наурыз нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3744 тіркелген, 2016 жылдың 17 наурызда "Жетісу" №33 мен "Огни Алатау" газеттерінің №32 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады