"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 03 ақпандағы № 57 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 04 наурызда № 3744 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 22.06.2016 № 325 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының үлгі Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Ә. Өнербаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "3" ақпандағы № 57 қаулысымен бекітілген қосымша

"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы: мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) архивтер және құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
      2) мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу.
      15. Функциялары:
      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
      4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
      5) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту;
      7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер беру;
      8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу;
      9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
      10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
      11) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болу;
      12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау;
      13) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;
      14) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
      15) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
      16) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
      17) облыстың аумағында архив iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      18) облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
      19) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
      20) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
      21) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      22) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
      23) облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
      24) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
      25) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту;
      26) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
      27) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет, архивтер және құжаттама шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет, архивтер және құжаттама шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
      6) Басқарма құзыретіне жататын облыс әкімі, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      7) Басқарма мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мәдениет, архивтер және құжаттама саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      4) Басқарма қызметкерлерін, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың директорларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
      7) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      25. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
      1) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      4) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      5) "Қазақстан Республикасы мәдениет қызметкерлері кәсіптік одағы" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің "М. Тынышпаев атындағы Талдықорған облыстық тарихи-өлке тану мұрожайы мәдениет қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйым" филиалы;
      6) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көркемөнер галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      7) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Іліяс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      8) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алатау әуендері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      9) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      10) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жауынгерлік Даңқ мұражайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      11) Панфилов ауданы Әкімінің "Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi:
      1) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады