1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 297 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 27 тамызында № 2836 тіркелген, 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 "Жетісу", 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 102 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы "Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 297 "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 495 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 11 желтоқсанында № 3610 тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 "Жетісу", 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 144 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулының ресми баспа басылымарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Баталов |