Балқаш ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы N 32 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 11 сәуірде N 2650 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қыркүйектегі № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 08.09.2016 № 137 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Жүнісов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Балқаш ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады