Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 4-22 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 Қаулысымен бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы "Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 13 желтоқсанында № 2524 тіркелген, "Жетісу шұғыласы" газетінде 2013 жылдың 27 желтоқсанында № 52 жарияланған) № 26-148 шешімінің және Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 января "Ескелді ауданы мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы №26-148 "Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 3 ақпанында № 3686 тіркелген, "Жетісу шұғыласы" газетінде 2016 жылдың 11 наурызында № 11 жарияланған) № 61-344 шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
      Ескелді ауданы мәслихатының
      VІ шақырылымындағы
      IV сессиясының төрағасы Қ. Тастанбаев
      Ескелді ауданы
      мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады