Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 26-148 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 13 желтоқсанда 2524 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 мамырдағы № 4-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 23.05.2016 № 4-22 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 9-55 шешімімен бекітілген Ескелді ауданының жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Салық Кодексінің 379, 381, 383–баптарында белгіленген жер салығының ставкалары автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Ескелді ауданы бойынша 40 процентке жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 06.01.2016 № 61-344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы "Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын белгілеу туралы" N 37-226 (Ескелді аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 28 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-9-106 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 22 мамырда Ескелді аудандық "Жетысу Шұғыласы" газетінің 22 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты нығайту мәселелерін қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4 .Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Дүйсембінов
      Мәслихат хатшысы Қ. Тастанбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Ескелді аудандық салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Асхад Әбенұлы Мулкибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады