Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 7 тамыздағы "Қарасай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 8-635 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 9-1429 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 7 тамыздағы "Қарасай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 қыркүйекте № 3392 болып тіркелген, "Заман Жаршысы" газетінде 2015 жылдың 18 қыркүйекте № 39 (8157) және жалғасы 2015 жылдың 24 қыркүйекте № 40 (8158) жарияланған) № 8-635 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жұмәділге жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Бигельдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады