Панфилов ауданы әкімдігінің 24 ақпан 2015 жылғы "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 113 қаулының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 439 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Нормативтик құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 наурыз № 3114 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 11 сәуір № 16 жарияланған) № 113 қаулының күші жойылды деп танылсын .
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Курбанов Шухрат Бурхандиновичке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады