Ұйғыр аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 қазанда қабылданған № 37-4 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-5-37 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 07 қазандағы "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (облыстық әділет департаментінде 2014 жылдың 05 қарашасында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2906 болып енгізілген, 2014 жылғы 07 қарашадағы аудандық "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінің № 46 (97) нөміріне жарияланған) № 37-4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Ұйғыр аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Қожағұл
      Ұйғыр аудандық
      мәслихаттың хатшысы Н. Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады