"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 454 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 294 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 454 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12110 болып тіркелген «Әділет» нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (Ә.С Жұмаділдаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір aпта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады