Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 12110 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 294 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 08.06.2016 № 294 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 26 тамыздағы
№ 454 бұйрығымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі -Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ тілінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.
      4. Комитеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды түлғалар болып табылатын аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитеттің бақылауында болатын және есеп беретін Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша қаржылық бақылау инспекциялары жатады.
      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса.
      7. Комитет заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқарушының бұйрықтарымен ресімделетін құқықтық актілерді шығарады.
      8. Комитеттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің келісуінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
      9. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
      10. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекеме.
      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім-шарт қатынастарына түсуге тыйым салынады.
      14. Егер заңнамалық актілермен Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Міндеттер:
       1) бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу;
      2) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы, аудиторлық қызмет саласында қызметін реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру.
      16. Функциялар:
      1) республикалық және жергілікті бюджеттерді пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
      2) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізу шынайылығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
      3) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
      4) объектілерді концессияға беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттерді беруді, мемлекеттік концессиялық міндеттердің, мемлекеттік кепілдіктері мен мемлекет кепілгерліктерін орындау қаржыландырылуын бақылауды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
      5) өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылығына қатысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның қалыптастырылуына және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бюджет қаражатын қаржылық –экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, оның жолын кесу және оған жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
      9) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      10) бақылау объектілерінен оларға белгілеген мерзімде бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
      11) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту;
      12) ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      13) ішкі бақылау қызметтері қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысу;
      14) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға, олардың қызметін үйлестіруге, ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысу;
      15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы, соның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының ішкі бақылау қызметтері жүргізген есептерді ұсыну;
      16) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомаларын бюджетке өтеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылықпен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыздар жіберу;
      17) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу;
      18) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын Бұзушылықтар сыныптауышын әзірлеуге қатысу;
      19) келісілген мерзімдерде жазбаша сұрау салудың негізінде жоспарлар және өткізілген бақылау іс-шараларының туралы ішкі бақылау органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      20) бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісі қылмыс құрымының белгілері бар болған іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау фактісі анықталған кезде аталған іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасағаны туралы ақпаратты және осы фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беру;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
      23) хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіпте мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет, бюджеттік заңнама саласында әкімшілік жазалар қолдану;
      24) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымдарының аккредиттеуін жүргізу;
      25) белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқығы бар Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізбесін жариялау;
      26) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайларында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымдарына ескерту жариялау;
      27) аккредиттелген бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігінен айыру туралы шешімді дайындау;
      28) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және аккредиттелген бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      29) аккредиттеуді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
      30) аудиторлар тізбесін жүргізу;
      31) Аудиторларға кандидаттарды аттестау бойынша біліктілік комиссиялар құрамына қатысу;
      32) аудиторлық қызметтің лицензиялауын және аудиторлық ұйымдар тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;
      33) мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, тоқтата тұру, алып қою және тоқтату туралы мәліметтерді жариялау;
      34) аудит стандарттарының таралуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      35) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      36) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтар:
      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды әзірлейді және қабылдайды;
      2) республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау, есепті және есептілікті жүргізу, гранттарды, мемлекет кепілдік берген займдарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтары себептеріне баға беру;
      3) ішкі бақылау қызметтері бар мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты алу, олардың жоспарларды орындау және ішкі бақылауды жүргізу нәижелері туралы есептерін қарау;
      4) ішкі бақылау қызметтерімен жүргізілген бақылау іс-шаралары бойынша және олар бойынша қабылдаған шаралары туралы есептер және ақпарат алуға;
      5) ішкі қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау;
      6) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау актілерін талдау және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар беру;
      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      8) заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің сақталуын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, бақылау объектілерінің аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы сақтау, республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау, байланыс гранттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;
      9) өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бақылау актілерін жасау;
      10) мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      11) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және бюджеттік заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыру.
      18. Міндеттер:
      1) бақылау объектілерінің заңды құқықтарын сақтау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қаржылық бақылау органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдарды қарау;
      3) қызметтік құпияны және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      19. Комитетке жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асырағаны үшін жеке жауапкершілікте болатын Төраға Комитетке басшылықты жүзеге асырады.
      20. Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрмен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      21. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Төрағаның өкілеттіктері:
      1) өзінің орынбасарларының, Комитеттің аумақтық бөлімшелері және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары мен орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларына қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімешелер басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру; көтермелеу, материалдық көмек көрсету, үстемақылар және сыйақылар төлеу мәселелерін шешеді;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің штат санын бекітеді;
      7) өз құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық актілеріне қол қояды;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
      9) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      23. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін заңнамаға сәйкес анықтайды.
      24. Комитет төрағасының орынбасарлары:
      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
      2) Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде Комитетке жалпы басшылық етеді және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асырғаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
      3) Комитет төрағасы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      25. Төраға болмаған уақытта Қазақстан Республикасының Қаржы министрі белгілейтін орынбасарларының бірі оның міндеттерін орындайды.

4. Комитеттің мүлкі

      26. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақша кірістерін қоса) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүлкі есебінен құралады.
      27. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      28. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге белігленбеген болса, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қаржылық бақылау комитетінің
қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1) Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      2) Ақмола облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      3) Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      4) Алматы облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      5) Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      6) Атырау бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      7) Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      8) Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      9) Батыс-Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      10) Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      11) Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      12) Қызылорда облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      13) Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      14) Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      15) Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы;
      16) Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады