Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 523 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Комитеттің Заң басқармасы (А.М. Жетібаева) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;

      2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Комитеттің Даму және жаңғырту департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының (Н.В. Стрельцова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Достық" кедені, Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардын аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға Д. Ерғожин

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитетінің Төрағасының
2016 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 523 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" 2014 жылғы 17 қазандағы № 5 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9840 тіркелді);

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттері аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалаларының, ережелерін бекіту туралы" 2014 жылғы 7 қарашадағы № 26 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9868 тіркелді);

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалаларының, кедендердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 26 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10396 тіркелді);

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттері кедендерінің, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 26 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 239 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11385 тіркелді);

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы мемлекеттік кірістер басқармалаларының, кедендердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 34 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13021 тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады