Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 43-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2019 № 43-Ө (30.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.04.2017 № 145 бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 408 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ереже

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство және мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіріседі.

      5. Комитеттің егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан кіріседі.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымын, штат санын Ауыл шаруашылығы министрі келісім бергеннен кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі – Министр) Жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2019 № 227 бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Комитеттің осы Ережеге 1 және 2 қосымшаларға сәйкес Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер тізбесіне және Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесіне сәйкес аумақтық бөлімшелер, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

      11. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға кірісе алмайды.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістерді әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары мен мiндеттері

      14. Мақсаттары: орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын орындау.

      Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;

      3) ормандарды күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық іс жүргізуіндегі мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

      4) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орманның өсiрілуіне тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      5) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың нақты есебін жүргізу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      6) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуы на мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындауға, өңдеуге, сақтау мен пайдалануға, питомниктер шаруашылығының жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      9) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      10) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      11) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаштарды игеруді және ағаштың кесілетін жасын белгілеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

      12) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      13) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;

      15) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;

      16) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;

      17) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      18) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз іс жүргізуіндегі мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;

      19) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      20) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамалары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

      21) орман шаруашылығымен айналысатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      22) орман орналастыру жобаларын бекітеді;

      23) өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді;

      24) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;

      25) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;

      26) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және эскиздерді (эскиздік жобаларды) келіседі;

      27) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      28) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;

      29) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;

      30) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше күзетілетін табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      31) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;

      32) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      33) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      34) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      35) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;

      36) республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді;

      37) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;

      38) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;

      39) табиғатты қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғатты қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;

      40) өзінің қарамағындағы табиғатты қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;

      41) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;

      42) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;

      43) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;

      44) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      45) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми қызметті ұйымдастырады;

      46) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

      47) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсуді жүзеге асырады;

      48) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.
      49) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      50) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;

      51) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      52) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісімдеуді жүзеге асырады;

      53) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін келіседі;

      54) орталық атқарушы органдардың қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      55) Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      56) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүзеге асырады;

      57) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауналар мен флоралардың түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияны қолдана отырып сәйкес жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар береді;

      58) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;

      59) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;

      60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;

      61) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      62) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

      63) ғылыми ұсынымдар негізінде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылығын мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      64) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      65) су жинау құрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орнатуға келіседі;

      66) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерінің шегінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес ғылыми зерттеулер үшін жануарлар дүниесі объектілерін алу квотасын белгілейді;

      67) интернет-ресурста зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;

      68) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;

      69) балық шаруашылығын жүргізуге және балық аулауға шарттар жасайды;

      70) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      71) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      72) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      73) Аңшылықты, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      74) Аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      75) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      76) жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібінің, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      77) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      78) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушының қызметін тоқтата тұрады немесе қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс енгізеді;

      79) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу шартының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      80) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      81) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді;

      82) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жүргізген балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;

      83) облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiн келіседі;

      84) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылықты және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;

      85) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олардың өтiнiмдерi бойынша оларға конкурссыз бекітіп беру туралы облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;

      86) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;

      87) өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттар береді.

      88) балық шаруашылығы су айдындарының резервтiк қорында және (немесе) учаскелерiнде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      89) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;

      90) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеуді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашуды және жабуды жүзеге асырады;

      91) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;

      92) статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қатысады;

      93) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың өзектілігі мен біріздендіруге техникалық регламенттер әзірлеу немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар дайындайды және енгізеді;

      94) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сәйкестікті растау органдарын және сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімдер жөнінде зертханалар құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      95) стандарттар мен өзге де құжаттар әзірлеу жөніндегі жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіруді жүзеге асырады;

      96) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;

      97) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      98) үкіметтік емес стандарттар әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;

      99) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттар әзірлеу бастамашылығын жүзеге асырады;

      100) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысаны мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      101) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      102) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздемеге орай оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      103) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;

      104) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;

      105) жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      106) Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіби стандарттар әзірлеуге қатысады.

      107) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      108) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәмізін (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;

      109) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жанындағы үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.

      Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде кезделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2018 № 41 бұйрығымен.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитеттің құзыретіне жататын өндірістік қызметтер мәселелерін шұғыл шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түседі;

      2) өзге мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан Комитеттің құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;

      3) өз қызметінің барлық мәселері бойынша ұсыныс енгізеді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      16. Комитеттің міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқығын және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғаларының мүдделерін сақтау, оның ішінде:

      1) мемлекеттік қызмет стандартына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет көрсетуші тұтынушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпараттар беруге қатысу;

      4) заңнамалық тәртіпте белгіленген қоғамдық мониторинг өткізілетін коммерциялық емес ұйымдардың тиісті ақпараттар беруіне қатысу;

      5) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      18. Комитетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      3) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) Министрліктің Жауапты хатшысына аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

      5) өз орынбасарларының және Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар, филиалдар мен өкілдіктер басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауаптылықта болады;

      7) Комитет төрағасының орынбасарларынан және аумақтық бөлімшелер басшыларынан және олардың орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      8) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      9) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары мен басшы орынбасарларына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына демалыс беру мәселелерін шешеді;

      10) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары мен басшы орынбасарларының сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының іссапарға жіберу (тиісті облыс аумағынан тыс және шетелдерге), материалдық көмек көрсету, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелеріне келісім береді;

      11) белгіленген заңнамалық тәртіпте ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелеріне келісім береді;

      12) Комитеттің аумақтық бөлімшелер басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басқа қызметкеріне жүктейді;

      13) Комитеттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер және аумақтық бөлімшілердің ережелерін және өзінің құзіреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын бекітеді;

      14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;

      15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

      16) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

      17) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;

      18) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;

      19) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 402 бұйрығымен.

4-тарау. Комитеттің мүлкi

      20. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығара алмайды немесе оған өзгедей тәсілмен билік ете алмайды.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою

      23. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті туралы ережеге
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
қарамағындағы аумақтық бөлімшелер тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.10.2018 № 407 бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті туралы ережеге
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

1. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      Ескерту. 1-тарауға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.10.2018 № 407 бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.10.2018 № 407 бұйрығымен.

      16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      26. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      29. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      30. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

2-тарау. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      Ескерту. 2-тарауға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.10.2018 № 407 бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Майбалық балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      14. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады