"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 402 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережеде:

      20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) өз орынбасарларының және Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар, филиалдар мен өкілдіктер басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады