Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы №360 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2097 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 қаңтарында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |