1. "Жамбыл облысы аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы №137 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2695 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 шілдесінде "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |