Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 222 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актілердің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Орынбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "28" шілдедегі
222 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылары

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2189 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірде "Ақ жол" газетінде жарияланған, 2014 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 66 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2975 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурыз "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады