Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тараз қалалық мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
1. "Тараз қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 тамыздағы №43-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2784 болып тіркелген, 2015 жылы 14 қазанда №42 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған);
2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 23 желтоқсанындағы №48-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2900 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қаңтарда №3 "Жамбыл Тараз" газетінде жарияланған).
Тараз қалалық мәслихаты | Тараз қалалық |
сессиясының төрағасы | мәслихатының хатшысы |
Ғ.Мадимаров | Б. Нарбаев |